Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

Ахмет Жұбановқа арналған танымдық іс-шара

Бүгін, 16.03.2026 жылы, «Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың көрнекті композиторы Ахмет Жұбановқа арналған танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шараны мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Үсербаев Әліби ашып, оқушыларға іс-шараның маңызы туралы айтып өтті.

Шара барысында сынып жетекшісі Серікбай Ырысты оқушыларға сұрақ-жауап ұйымдастырып, композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар оқушылар Ахмет Жұбанов туралы эссе жазып, өз білімдерін көрсетті.

Іс-шара барысында мектеп кітапханашысы Бекетаева А. оқушылармен бірге ұлттық ойын ұйымдастырып, шараның қызықты әрі мазмұнды өтуіне өз үлесін қосты.

Осындай танымдық іс-шаралар оқушылардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәр

https://www.facebook.com/share/v/18ptUKCXWP/https://www.facebook.com/share/v/18ptUKCXWP/