Отырар ауданы,
Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектебінде
«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиынға еңбек ардагерлері, ардагер ұстаздар, ата-аналар шақырылды.
Жиын барысында мектеп директоры М.Балхашов 2025-2026 оқу жылындағы жетістіктерге тоқталып, оқушыларды, ұстаздарды және 1-сыныпқа келген бүлдіршіндерді ата-аналарымен бірге “Білім күні” мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ жиынға аудандық білім бөлімінің өкілі Е.Қасым, у қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер ұстаз бен мектеп жайлы ән-жырларын арнап, алғашқы қоңырау соғылып, 2025-2026 жаңа оқу жылы ресми басталды.
Білім күні құтты болсын!
![]()
Қымбатты балалар!
Мерейлі мекенге қош келдіңіздер!





