«Сарыкөл шағын жинақты негізгі мектеп» КММ
Іс-шара тақырыбы: «Біз нашақорлыққа қарсымыз»
Өткізу күні: 10 желтоқсан
Қатысқандар: 6–7–8–9 сынып оқушылары, мектеп психологы – Әбдуәлі Ләйлә, мектеп медбикесі – Әуелбекова Ақалтын, кітапханашы – Бекетаева А., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Усербаев Әліби.
10 желтоқсан күні 6-7–8–9 сынып оқушыларына «Нашақорлық – дерттің бастауы» тақырыбында түсіндірме сабақ өткізілді. Іс-шараға мектеп психологы, медбике, кітапханашы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысып, оқушыларға нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зияны туралы кең көлемде мәлімет берілді.
Мектеп медбикесі Әуелбекова Ақалтын нашақорлықтың денсаулыққа, оқу үлгеріміне, адамдық қарым-қатынасына және болашағына теріс ықпал ететінін атап өтті. Есірткі, алкоголь және басқа да зиянды әдеттердің миға, жүрек-қан тамырларына, бауыр мен тыныс алу жүйесіне ауыр зақым келтіретіні, тіпті өмірді қысқартатыны түсіндірілді.
Кітапханашы Бекетаева А. оқушыларға нашақорлыққа қарсы әдебиеттер мен ақпараттық материалдарды таныстырып, өздігінен білім алудың маңызын көрсетті.
Сабақ барысында оқушыларға нашақорлыққа қарсы тұру жолдары түсіндірілді:
Өз-өзіне талап қою,
Дұрыс өмір салтын ұстану,
Уақытты тиімді пайдалану,
Ата-ана мен мұғалімнің ақылын тыңдау,
Достарды дұрыс таңдау,
Жақсы әдеттерді бойға сіңіру.
Қорытынды:
Нашақорлық – адам өмірін құрдымға кетіретін аса қауіпті дерт. Сондықтан әрқайсысымыз таза, салауатты өмір сүріп, зиянды әдеттерден аулақ болуға міндеттіміз. Салауатты өмір салты – бақыттың, денсаулықтың және жарқын болашақтың кепілі!





