Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

экологиялық челлендж

Мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен Қ. Сұлтанованың жетекшілігінде 17.04.2026 ж. бітіруші түлектер арасында экологиялық челлендж өткізілді. 🌿

Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған жерді көркейтуге үлес қосуға тәрбиелеу болды.

Челлендж барысында түлектер мектеп ауласын абаттандыруға қатысып, тал егу жұмыстарына белсене атсалысты. Әрбір жас түлек табиғатты қорғау – ортақ міндет екенін терең түсініп, өз үлесін қосуға тырысты.

🌱 Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, еңбекқорлық және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.