Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

Есірткіге жол жоқ!

2026 жылдың 3 ақпанында «Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ-де

5–9 сынып оқушыларына арналған нашақорлықтың алдын алу және жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру мақсатында маңызды тәрбиелік іс-шара өтті.

🎬 Іс-шара аясында «Закладчики. Мать» атты деректі фильм көрсетіліп, оқушыларға:

есірткі тасымалдау мен таратуға қатысудың ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні;

бір ғана қате шешімнің адамның өзіне ғана емес, ата-анасы мен жақындарына да орны толмас зардап әкелетіні;

құқықтық сауаттылықтың маңызы

нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

💬 Фильм көрсетілімінен кейін оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, «оңай табыс» деп саналатын әрекеттердің артында қайғылы тағдырлар мен өкініш жатқанын терең түсінгендерін айтты.

📌 Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерді дұрыс таңдау жасауға, заңды құрметтеуге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.

#ЕсірткігеЖолЖоқ

#СалауаттыӨмірСалты

#ЖастарТәрбиесі

#ҚұқықтықСауаттылық

#СарыкөлМектебі

#ТәрбиелікІсШара

#АдалАзаматБіртұтасТәрбие