Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Қауіпсіз балалық шақ»

Отырар ауданы білім бөлімінің

16.10.2025 ж. №41-10/1319 хатына сәйкес “Сарыкөл” шағын жинақты негізгі орта мектеп” КММ-де 18.11.2025 жылы 5–9 сынып оқушыларының қатысуымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында жиын ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары педагог-психолог, сынып жетекшілері және Отырар АПБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Төлеген Нұржан Тәлімбетұлы. Отырар АПБ УПИ полиция капитан Ниязбекулы Рахымжан қатысты.

Жиын барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігі, құқықтық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Заң және тәртіп» тақырыбындағы арнайы дайындалған слайд арқылы оқушыларға құқық бұзушылық дегеніміз не, түнгі уақытта жүру ережелері, буллинг (жәбірлеу), вандализм сияқты маңызды тақырыптар бойынша жан-жақты ақпарат берді.

#Адал_азамат

#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы