Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

💫ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ💫

“Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп КММ-де 15.09.2025ж Отырар ауданының прокуратасының 2025 жылғы 02 қыркүйектегі № 2-12-25-00811 хатына сәйкес, 2025-2026 оқу жылындағы «Қауіпсіздік балалық шақ» жобасы аясында оқушыларға арналған қауіпсіздік жөнінде түсіндірме жұмыстары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ түрлі қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды.Мектеп директоры Мейрамхан Балхашов балаларға құқықтық тәртіпті түсіндіріп, дұрыс тәрбиелеу, әлеуметтендіру және психологиялық көмек көрсету туралы мағлұматтар беріп өтті.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Махатова Шакизада апай балаларға көшеде жүріп-тұру ережелері, жол қозғалысындағы қауіпсіздік, сондай-ақ үйдегі және мектептегі қауіпсіздік шаралары туралы кеңестер берді. Сонымен қатар, балаларға интернеттің қауіптері, әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді қорғау, суға бату және өрттен сақтану сияқты тақырыптар да түсіндірілді.

Мектеп психологы Л.Абдуәлі апай “Қауіпсіздік балалық шақ”тақырыбында баяндама оқып,оқушылармен сауалнама жүргізді.