Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Қауіпсіз балалық шақ"

Түркістан облысы,Отырар ауданы

«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп КММ «АДАЛ АЗАМАТ» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 09.09.2025ж күні 5-9 сынып оқушыларымен жиын өткізілді. Жиналыс басында мектеп директоры М . Балхашов бастап,өз сөзінде мектептің тәртібі,құқық бұзушылықтың алдын алу жайлы сөз етті. Сынып жетекшілер мен оқушыларға келген қонақтарды таныстырып әрі қарай сөз кезегін берді.Жиын барысында Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция лейтенанты Сержан Мерей Сержанұлы «Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқықбұзушылық және нашақорлық, лудомония мен буллинг (зорлық зомбылықтың) алдын алу шаралары туралы» тақырыбында әңгіме қозғады. Кәмелетке толмағандар тарапынан туындайтын қоғамға қауіпті әрекеттердің көбейе түсуі- күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселенің бірі болып отыр. Құқықбұзушылық пен зорлық зомбылықтың алдын алу шаралары бойынша рейдттер жүргізіліп, рейд кезінде ұрлық жасап тіркелген, түнгі уақытта бос сенделіп жүрген, тойхана кафелерде, мойкаларда, ойынханаларда жалданып жұмыс істейтін оқушылар тіркеуге алынып, іс қозғалатынын айтылып, ескертті.

#адалазаматбіртұтастәрбие

#тәрбие