Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

Көңілді үзіліс

18.02.2026 жылы Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3–4 сынып оқушыларына арналған “Көңілді үзіліс” іс-шарасы өткізілді.

Аталған шараның мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, көңіл күйін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мектеп өміріне қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында балаларға қызықты мультфильм кейіпкерлері көрсетіліп, ұйымдастырушы өзі де кейіпкер бейнесіне еніп, оқушылармен түрлі көңілді ойындар ұйымдастырды. Балалар жұмбақтар шешіп, сергіту жаттығуларын жасап, ән айтып, би билеп, белсенді қатысып отырды. Әрбір оқушы шат-шадыман күлкіге бөленіп, ерекше әсер алды.

Көңілді үзіліс кезінде балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасы нығайып, өзара сыйластық пен ұйымшылдық байқалды. Оқушылар бұл сәтті асыға күтіп, үлкен қызығушылықпен қатысты. Шара соңында балалар жақсы көңіл күймен сабақтарына оралды.

Аталған тәрбиелік әрі танымдық іс-шараны мектеп кітапханашысы Бекетаева А. ұйымдастырып, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осындай мазмұнды шаралар балалардың шығармашылығын дамытып, мектеп өмірін жандандыра түсетіні сөзсіз..