Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда!

«Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ-де оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Дроп» және «Хулиганство» тақырыбында қысқаметражды фильм көрсетілді.

Аталған фильмдер жасөспірімдер арасында кездесетін заңсыз әрекеттердің салдарын түсіндіруге, интернет-алаяқтыққа (дроп болу) және қоғамдық тәртіпті бұзудың жауапкершілігін ұғындыруға бағытталды.

Көрсетілімнен кейін оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын айтып, заң алдында әркімнің жауапты екенін түсінді.

Мектебімізде жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады

#АдалАзаматБіртұтасТәрбие