Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

📌 Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет!

Отырар аудандық білім бөлімі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы №4-21-4/7969-И хатына сәйкес,

«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ-де Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына орай, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірленген құқық бұзушылықтың алдын алуға және жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған деректі фильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

Аталған бейнематериалдарды 6–9 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері бірге тамашалап, қоғамдағы заң талаптары, адалдық пен жауапкершілік туралы өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, дұрыс шешім қабылдай білудің маңызын түсінуге ықпал етті.

✨ Тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

#АдалАзамат

#БіртұтасТәрбие

#ҚұқықбұзушылыққаЖолжоқ