Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

Көмек сұрау-әлсіздік емес, даналық

Түркістан облысы Отырар ауданы "Сарыкөл" шағын жинақты негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ғ.Орыновтың 08.09.2025жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау жағдайының алдын алу мақсатында апталық іс-шара өтілді. 5-6 сыныптар арасында сынып жетекшілері Ы.Серікбай мен М.Смайлова " дос болу-тірек болу. Көмек сұрау-әлсіздік емес, даналық" тақырыбында практикалық сабақ өтілді.

*Сабақтың мақсаты:*

Оқушыларға достық ұғымының мәнін түсіндіру, нағыз достың қасиеттерін анықтау, өзара сыйластық пен сенімді қарым-қатынас қалыптастыруға тәрбиелеу.

*Міндеттері:*

- Достық туралы түсінік беру;

- Шынайы дос пен жалған достың айырмашылығын ажыратуға үйрету;

- Оқушылар арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайту;

- Қиын жағдайда досқа қолдау көрсетуге бағыттау.

Бүгінгі практикалық сабағымыз достық пен қарым-қатынастың маңыздылығына арналды. Балалар шынайы достықтың, бір-бірін қолдаудың, түсінудің адам өміріндегі алар орнын терең ұғынды.

📌 *Оқушылардың пікірі:*

💬 *Диас (6-сынып):*

«Нағыз дос – сен қуанғанда бірге күлетін емес, сен жылағанда иығын тосатын адам.»

💬 *Айсезім (6-сынып):*

«Кейде ішкі ойыңды бөлісу үшін бір досыңның үнсіз тыңдағаны жеткілікті.»

💬 *Жазира (6-сынып):*

«Көмек сұраудан ұялмайық, өйткені әрбір адамға кейде демеу керек.»

🤝 Бала жүрегіне мейірім мен сенім ұялататын осындай сәттер – тәрбие негізі!

#ДостықКүні #ҚарымҚатынасКүні #СыныпСағаты #6сынып #МектепТіршілігі #ДосБолуТірекБолу