Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Кітап – білім бұлағы»

«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін мектебімізде Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді.

Іс-шараға 5–9 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Шара барысында оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды.

Белсенді қатысқан оқушылар марапатталды: «Оқитын сынып» 5-сынып оқушылары, жақсы кітап үздік оқырман 6-сынып оқушылары марапат алды.

Іс-шараны мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанадилова Г оқушыларға жылы лебізін айтып, іс-шараны ашып берді. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Усербаев А. қатысып, белсенді оқушыларға марапаттар табыстады.

Іс-шараны ұйымдастырған мектеп кітапханашысы Бекетаева А. жоғары деңгейде өткізіп, оқушыларға ерекше әсер сыйлады.

Сарыкөл ауылының кітапханашысы Алиасқарова К. қатысып, кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға мазмұнды баяндама оқып берді. Көрме барысында оқушылар түрлі кітаптармен танысып, өздеріне қажетті мәліметтер алды.

Бұл іс-шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын нығайтты.

#ХалықаралықКітапКүні #КітапБілімБұлағы #СарыкөлМектебі #ОқитынСынып #МектепІсШарасы #ЖасОқырман #КітапОқу #БілімгеҚұштарлық #Кітапхана #РуханиБайлық #БілімЖолы

https://www.facebook.com/share/v/1GPtAfmzop/