Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

Мектебім,саған мың алғыс!

🔔"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" тақырыбында түлектердің мектеп бітіру іс-шарасы өткізілді.

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектебінде "Түлектердің мектеп бітіру" салтанатты іс-шарасына арнап 9-сынып оқушыларымен "Мектебім, саған мың алғыс!" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараны мектеп директоры М.Балхашов салтанатты түрде ашып, бітіруші түлектерге өзінің ізгі тілектерін білдірді.

Іс-шара барысында мектеп мұғалімдерін және жыл барысында болып өткен олимпиадалар, байқаулар, жеңімпаздарын және мектепте үздік оқыған оқушыларды ынталандырк мақсатында қоғамдық жұмысқа белсене қатысқан оқушыларды марапаттап өтті.
Жас түлек ізбасарлары 1- сыныпты аяқтап отырған бүлдіршіндер арнау айтып,түлектерге ақ жол тіледі.Өз ықыластарын білдіріп түлектер сый-сыяпат көрсетті.
💎Мақсаты: Отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, ұстаздарға, ата-аналарға, достарына алғыс сезімін, алтын ұя – мектебіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Мектебім_саған_мың_алғыс
#Жас_түлек2025
#Сарыкөл2025