«Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ
«Оқитын сынып» жобасы аясында мектеп кітапханашысы Бекетаева А. мен 5-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Серікбай Ы. апайдың ұйымдастыруымен «Кел, балалар, оқылық!» атты 20 минуттық оқу сағаты өткізілді.
Ұлы ғалым, ориенталист, этнограф, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай оқушыларға библиографиялық шолу ұсынылды. Шара барысында оқушылар Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, ғылыми еңбектері және қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесі туралы жан-жақты мағлұмат алды.
Іс-шараның екінші бөлімінде оқушылар тақырып бойынша дәптерлеріне жазба жұмыстарын орындап, белсенділік танытты. Сонымен қатар, олардың шығармашылық қабілеттері дамып, өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы нығая түсті.





