Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар:өзектілігі мен шешу жолдары

Түркістан облысы,Отырар ауданы
«Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар:өзектілігі және шешу жолдары» тақырыбында 15.05.2025ж күні мектепішілік жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді.Жиынды мектеп басшысы М.Балхашов ашып, ата-аналарды отбасы күнімен құтықтап, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды.Алдағы уақыттағы емтихандар жайлы және келесі оқу жылындағы мектеп формасы жайлы өз пікірін білдірді. Ары қарай мектептің тәрбие орынбасары Ә.Усербаев жиналыс барысында әр отбасының өз құндылықтары болады: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет, ауызбіршілік, сенім арту, махабатпен бөлісу арқылы баланы тәрбиелеу жолдары туралы айтылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы құқық бұзушылық пен ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу, демалыс кезіндегі оқушылардың су, өрт, жол қауіпсіздігінің алдын алу, суицид, зорлық-зомбылық іс-әрекеті және алдағы соңғы қоңырау мерекесі уақытында автокөлік шеруіне, кешкі мезгілде ата-анасыз көшеде жүмеу керектігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді.Сонымен қатар мектеп психологы Ләйла Әбдуәлі ата-аналарға баланың қазіргі психологиялық жағдайын түсіндіріп өтті. Ата-аналардан сауалнама алынып,әр ата-анаға бала психологиясы жайлы жадынама берілді.
#Біртұтас_тәрбие
#отбасыкүні2025
#Ата_аналаржиналысы