«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп.КММ
Бүгін, 2026 жылдың 12 ақпанында, қазақ поэзиясының Хантәңірі — Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай «Тәңірдің қыраны» атты танымдық кеші ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушы: мектеп кітапханашысы А. Бекетаева
Қатысушылар: 5, 6 және 8 «Ә» сынып оқушылары
Шара барысында мектеп директоры М. Балхашов пен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Усербаев құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды рухани құндылықтарды қадірлеуге шақырып, жылы лебіздерін білдірді.
Бағдарлама аясында ақынның тағдырлы өмір жолы мен сыршыл шығармашылығына шолу жасалды. Оқушылар Мұқағали жырларын мәнерлеп оқып, поэзия әлеміне саяхат жасады.
"Поэзия! Менімен егіз бе едің?" — деп жырлаған ақынның өлмес мұрасы бүгінгі жас ұрпақтың жүрегінен орын тапты.
Шараның басты мақсаты — оқушыларға ақын мұрасын насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық рухты ояту.
Кездесу жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлад.





