Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

Тәжірибе алмасу сабағы

📚 "Сарыкөл" шағын жинақты негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 желтоқсан күні «Мектептен – мектепке» жобасы аясында тәжірибе алмасу сабағы өтті.

Осы жоба аясында бүгін мектебімізге «Темір» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері А.Жанқожаева мен А.Кенжеқұлова келіп, 5,6 сынып оқушыларына ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында ұстаздар өздерінің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, оқыту процесіндегі жаңашыл бағыттарымен тәжірибе алмасты.

Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, оқыту сапасын жетілдіру және әріптестік байланыстарды нығайту.

Сабақ соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, өзара пікір алмасты.

Осындай тәжірибе алмасу жұмыстары ұстаздардың шығармашылық әлеуетін көтеріп, сапалы білім беру ісін жетілдіруге өз үлесін қосатыны сөзсіз.