Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Тарихи тұлға»

Бүгін, 10.03.2026 жылы Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай «Тарихи тұлға» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараға 6-сынып оқушылары қатысып, Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық қызметі туралы мәліметтер айтып, өмірбаянымен танысты. Оқушылар тарихи тұлғаның ел тарихындағы маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік рухын қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шараны ұйымдастырған: мектеп кітапханашысы Бекетаева А.