Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

Жас қыран,Жас ұлан

«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қуанышты әрі маңызды іс-шара өтті.

1-сынып оқушылары «Жас қыран», ал 5-сынып оқушылары «Жас ұлан» ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылданды.

Бұл — балалардың елін сүюге, тәртіпке, жауапкершілік пен бірлікке баулынатын алғашқы қадамы.

Жас қырандарымыз — биікке самғар үміт,

Жас ұландарымыз — ел ертеңінің сенімді тірегі!

Қабылданған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Алдарыңыздан тек жарқын болашақ, биік мақсат пен үлкен жетістіктер жолықсын! 🇰🇿✨

#ЖасҚыран #ЖасҰлан #1Сынып #5Сынып #ЕлБолашағы #СарыкөлМектебіАдалАзаматБіртұтасТәрбие