"Сарыкөл"шағын жинақты негізгі орта мектеп КММ«Жастар – Мәңгілік Тәуелсіз елдің болашағы» тақырыбында
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында,
мектеп тәлімгері Қ. Сұлтанованың ұйымдастыруымен
тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу, Тәуелсіз елдің болашағы болатын жастардың азаматтық санасын қалыптастыру.
Шара барысында тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, ел дамуына жастардың қосар үлесі туралы тағылымды ойлар айтылып, оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін еркін жеткізді.
Қорытынды:
Аталған іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, адал әрі саналы азамат болып қалыптасуына оң ықпал етті.





