«Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев» атты әдеби-тарихи қойылым кеші
Бүгін, 18.02.2026 жылы, «Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқитын сынып аясында 5-сынып оқушыларымен оқу сағаты және әдеби-тарихи қойылым кеші өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны, айтыскер Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру.
Шара барысында сынып жетекшісі Серікбай Ы. апай ақынның өмірбаяны туралы мазмұнды мәлімет беріп, оқушыларға жұмбақтар жасырып, танымдық сұрақтар қойды.
Оқушылар алдын ала дайындап келген эсселерін оқып, Жамбыл атамыздың өлеңдерін мәнерлеп айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Белсенді қатысқан балаларға жылы лебіз білдіріліп, мадақ сөздер айтылды.
Мектеп кітапханашысы Бекетаева А. ұйымдастырған қысқаша ойындар мен жұмбақтар кештің көркін аша түсті. Оқушылар топпен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Әдеби-тарихи қойылым кеші өте әсерлі әрі мазмұнды өтті. Шара соңында оқушылар Жамбыл атамыздың мол мұрасымен тереңірек танысып, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттырды.





