Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл күн – еліміздегі татулық пен достықтың, өзара сыйластық пен бірліктің жарқын мерекесі. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін бұл күннің орны ерекше. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосып келеді.

Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ынтымағы жарасқан елдің іргесі берік, болашағы жарқын болмақ. Сондықтан әрқашан бейбітшілік пен келісімді сақтап, бірлігімізді нығайтайық!

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға береке-бақыт тілейміз!

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!