Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс
МЕКТЕПТЕН–МЕКТЕПКЕ

МЕКТЕПТЕН–МЕКТЕПКЕ

🏫П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 23 сәуір күні «Мектептен–мектепке» тәжірибе алмасу жобасы аясында мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара өтті.

Аталған жоба негізінде «Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектебінің ұстаздары келіп, өз пәндері бойынша ашық сабақтар ұйымдастырды. Отырар аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Ә.Кенебаев пен Н.Есенгелді ұстаздарға жетекшілік жасап, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп, озық тәжірибелерімен бөлісті. 👩‍🏫

📌Сабақ барысында әріптестер жаңартылған білім беру мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың белсенділігін арттыру, критериалды бағалау жүйесін ұтымды ұйымдастыру бағытында өз тәжірибелерін ортаға салды. Оқушылар да жаңа форматтағы сабақтарға ерекше қызығушылық танытып, тапсырмаларды белсенді орындап, өз ойларын еркін жеткізе білді. 💡

✅Сарыкөл мектебінен келген ұстаздардың кәсіби шеберлігі, жаңашылдығы және оқушылармен жұмыс істеу мәдениеті – біздің педагогтар үшін құнды тәжірибе болды. Әсіресе топтық жұмыс, саралап оқыту, логикалық ойлауды дамытуға бағытталған тапсырмалар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсер қалдырды.

🔷Мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасу – білім сапасын арттырудың маңызды тетігі. Осындай игі шаралар екі мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, педагогтардың кәсіби дамуына кең мүмкіндік береді. 🌱

Жоба аясындағы жұмыс алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Әріптестер өзара тәжірибе алмасып, әдістемелік тұрғыда қолдау көрсетуді жалғастыра береді. 🔄

Барлық қатысқан ұстаздарға алғысымыз шексіз