Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Кезекті отырысы өтті

"Сарыкөл" шағын жинақты негізгі орта мектеп" ккм-де психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысы өтті. Отырыста психологиялық ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және олармен түзету жұмыстарын жүргізу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиында мектеп психологы Л.Абдуәлі ерекше назардағы оқушыларға арналған бақылау парағын толтыру тәртібін түсіндіріп, сынып жетекшілерге бірлескен жоспар құруды және жоспармен жұмыс жүргізу процесін нақтылауды ұсынды.

Әлеуметтік педагог осал топтағы оқушылардың бақылау парағын толтыру және үй аралау актісін жылына екі рет жүргізу қажеттігін атап өтті. Сынып жетекшілер өз сыныптары бойынша диагностика нәтижесінде анықталған жасыл, сары, қызыл деңгейлерге бөлу критерийлерімен танысып, алдағы жұмыс бағыттарын айқындады.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Усербаев өз сөзінде мектептегі әрбір оқушы – жеке тұлға екенін атап өтіп, оларды қолдау және түзету – ұжымның ортақ міндеті екенін айтты. Сонымен қатар, жиын барысында айтылған жоспарлардың жыл соңында тиісті тұлғалардан сұралатынын ескертті.

Сондай-ақ мектепте өткізілетін әрбір іс-шараға ата-аналарды белсенді қатыстыру және оқушылардың отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.