Сарыкөл шағын жинақты негізі орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19 қаңтар 2026 жылы 5-сынып оқушыларымен 20 минуттық оқу сағаты ұйымдастырылды. Оқу сағаты барысында балалар кітапханада әдеби кітаптарды таңдап, өздеріне ұнаған шығармаларды оқып берді. Сонымен қатар, сергіту сәтінде оқушыларға логикалық және қызықты ойындар ұйымдастырылып, балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуеті дамытылды. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. Оқу сағатын мектеп кітапханашысы Бекетаева А. ұйымдастырып, барлық оқушылардың қатысуын қадағалады.





