Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ашық сабақ өткізді.

📚 “Сарыкөл” шағын жинақты негізгі орта мектебі

🇰🇿 “Парасат” бірлестігі ұйымдастырған онкүндік жоспарына сәйкес қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айтбек Рахат 5-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен Ы.Алтынсарин "Қыпшақ Сейтқұл" әңгімесі тақырыбында мазмұнды да әсерлі ашық сабақ өткізді.

🔎 Сабақ барысында мұғалім оқушылардың қызығушылығын ояту үшін заманауи әдіс-тәсілдерді, соның ішінде ЖИ мүмкіндіктерін тиімді қолданып, жаңа тақырыпты терең меңгертуге жағдай жасады.

✨ Оқушылардың жас ерекшелігіне сай түрлі әдістер қолданылып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туды. Оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізіп, білімдерін сенімді түрде көрсете алды.

📘 Ашық сабақ өз мақсатына толық жетіп, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды. Мұғалімнің шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары деңгейде көрінді.