Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ауған от жалыны»

2026 жылғы 16 ақпанда «Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп КММ-де Ауған соғысы ардагерлеріне арналған 37 жылдыққа орай «Ауған от жалыны» тақырыбында тағылымды тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараға 9-сынып аралығындағы оқушылар қатысты.

Сынып жетекшісі Досалы Г. баяндама оқып, тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетіп, оқушылармен түсіндірме жұмысын жүргізді.

Шара барысында мектеп тәлімгері Сұлтанова Қ. апай тәрбиелік мәні зор ой бөлісіп, оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке баулыды.

Іс-шараны мектеп кітапханашысы Бекетаева А. ұйымдастырып, тарихи деректер мен кітап көрмесін таныстырды.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ерлік пен елжандылықты дәріптеу, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.

---

#Хэштегтер

#АуғанОтЖалыны #Ауған47 #ТәрбиеСағаты #ПатриоттықТәрбие #ЕрлікСабағы

#СарыкөлМектебі #9Сынып #ЖасҰрпақ #БейбітӨмір #ІсШара