"Сарыкөл"шағын жинақты негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде. Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 23 сәуір - Ұлттық кітап күні ретінде белгіленді.Кітапқа деген құрмет - рухани қазынаның,білім мен мәдениетті қадірлеудің белгісі.Осыған орай 12 - 21 сәуір аралығында "Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы"атты онкүндік іс - шарасы басталды. Шара барысында кітап көрмесі мен таныстырылды.
Бастауыш сынып оқушыларымен "Балалар басылымдары -кітапқа бастайтын жол" атты іс шара өтілді. Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,оларды жас ерекшеліктеріне сай газет - журналдармен ,балалар шығармаларымен таныстыру.Шығармашылық қабілеттерін ояту және бос уақытын тиімді өткізуге баулу.
Оқушыларды балалар жазушыларының шығармаларымен және ертегі кітаптарына шолу жасалды. Оқушылар балаларға арналған көркем әдеби кітаптар мен ертегі кітаптарды оқып мазмұнын айтып шықты. "Бұл қай ертегі мен шығармадағы кейіпкер?" суреттер таратылып оқушылар ,кітаптың ,ертегі мен шығарманың аттарын тапты. Оқушыларды балаларға арналған басылымдар ,журналдармен таныстырылып өтілді.
Кітап - адам өміріндегі құндылықтардың бірі. Ал кітапхана -кітапқұмар кісіні арбайтын сырлы,сиқырлы әлем.
Іс -шараны бастауыш сынып мұғалімдері мен уақытша кітапханашының міндетін атқарушы Ұ.Смайлова өткізді.





