Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы»

https://www.facebook.com/share/v/1JzkVUpqHT/

«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп КММ-де «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты 10 күндік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Іс-шара барысында кітап көрмелері ұйымдастырылып, мәнерлеп оқу байқаулары, әдеби кештер мен пікірталастар өткізілді. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдап, ой-пікірлерін еркін жеткізді.

Бұл онкүндік балалар әдебиетінің тәрбиелік маңызын кеңінен насихаттап, оқушылардың рухани дамуына, кітапқа деген қызығушылығының артуына үлкен ықпал етті.

Жауапты: М. Смайлова

«Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі!»