"Берекелі, мерекелі – Наурызым!" ![]()
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектебі 5-6,8ә-сыныптары ұйымдастырылған тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу және бірлік пен татулықты насихаттау болды.
Мақсаттары:
– Оқушыларға Наурыз мерекесінің мән-мағынасын түсіндіру;
– Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру;
– Ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру;
– Бірлікке, достыққа және сыйластыққа тәрбиелеу.
Құндылықтар:
– Ұлттық тәрбие
– Құрмет пен ізет
– Ынтымақ пен бірлік
– Дәстүрге адалдық
– Рухани жаңғыру
Тәрбие сағаты барысында оқушылар ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, көріністер қойып, Наурыздың ерекше атмосферасын сезінді.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Баршаңызға құт-береке, молшылық пен шаттық тілейміз!





