2026 жылғы 23 қаңтарда мектебіміздің мәжіліс залында
5–9 сынып оқушылары арасында профилактикалық бағыттағы жиналыс өтті.
Жиналыс тақырыбы:
Лудомания, суицид, буллинг, ерте жүктіліктің алдын алу және интернет алаяқтық құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Қатысушылар:
5–9 сынып оқушылары (қатысуы тиіс – 30, қатысқаны – 23)
Жиналысқа қатысқан мамандар:
Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты – Сержан М.
Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты – Төлеген Н.
Мектеп директоры – М. Балхашов
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А. Усербаев
Мектеп психологы – Л. Абдуәлі
Сынып жетекші ұстаздар
Жиналыс барысында оқушыларға:
Қауіпті әдеттердің алдын алу,
Интернеттегі алаяқтықтан сақтану жолдары,
Буллингтің зияны,
Өмірдің құндылығы мен психологиялық қолдау алу мүмкіндіктері
жан-жақты түсіндірілді.
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және жағымсыз жағдайлардың алдын алу.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың саналы, жауапты және қауіпсіз болашағын қалыптастыруға бағытталған.





