Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қарлығаш қызыл телпек»

«Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 сынып оқушылары үшін ерекше іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар мектептің электронды кітапханасымен танысып, «Қарлығаш қызыл телпек» атты ертегіні оқып, оның мазмұнын түсіндірді.

Сынып жетекшілері Әбілдаева А. апай балаларға ертегінің негізгі кейіпкерлерін, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін талдап, оқиғадан алынатын маңызды ойларды жеткізді. Бұл арқылы балалардың шығармашылық ойлау қабілеті мен логикалық түсіну дағдылары дамытылды.

Одан кейін оқушылар үшін логикалық ойын ұйымдастырылды. Балалар шапшаң әрі ынталы түрде кейіпкерлерді дұрыс құрастырып, тапсырмаларды орындады. Бұл ойын балалардың назарын шоғырландыруға, топпен жұмыс істеуге және қимыл-қозғалысты үйлестіруге септігін тигізді.

Іс-шараны мектеп кітапханашысы Бекетаева А. ұйымдастырып, барлық оқушылардың белсенді қатысуын қадағалады. Мұндай іс-шаралар балалардың кітапқа қызығушылығын арттырып, оқу мен шығармашылыққа деген құштарлығын оятады.