Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қауіпсіз балалық шақ!»

Түркістан облысы. Отырар ауданы

«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Облыс прокуратурасымен «Қауіпсіз балалық шақ!» жобасы аясында 24.11 мен 03.12.2025ж аралығында кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алуы, зорлық – зомбылық іс - әрекетінің профилактикасы тақырыбында 02.12.2025ж күні 7-9 сынып оқушыларымен жиын өтілді. Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты М,Сержан, МДТІЖО А,Усербаев және мектеп психологы Л.Абдуәлі әр сыныпты жинақтап түсіндірме жұмыстары жүргізілді және оқушылар қойған сұрақтарға жауап беріп отырды. Әр сынып анонимді түрде параққа өз ойларында жүрген сұрақтарын жазып берді.

#ҚауіпсізБалалықШақ

#ҚұқықтықТәрбие

#АдалАзаматБіртұтастәрбие

#ТәрбиеЖұмысы