2026 жылғы 17 наурыз күні «Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылардың көңіл-күйін көтеру, белсенділігін арттыру мақсатында «Көңілді үзіліс» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға 3–4 сынып оқушылары қатысып, түрлі қызықты ойындар ойнап, сергіту жаттығуларын жасап, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Оқушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығы ерекше байқалды.
Іс-шараны мектеп кітапханашысы Бекетаева А. ұйымдастырып, өткізді.
Мұндай шаралар оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, мектеп өміріне деген қызығушылығын арттырады.





