Көктемгі игі іс – табиғатқа қамқорлық! ![]()
«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ ұжымы көктем мезгілінің келуіне орай мектеп ауласында шырша көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғатты аялауға баулу және мектеп ауласын көгалдандыру болып табылады. Аталған игі іске мектеп ұстаздары мен оқушылар белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Шырша егу – тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпаққа жасалған үлкен сый. Әрбір отырғызылған көшет – табиғатқа деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!





