"Сарыкөл" шағын жинақты негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Білім негізі бастауышта" тақырыбында айлық іс - шара жоспар аясында 6 қараша күні 3 сынып жетекшісі Әбуталипова Алтынқыз апайдың әдебиеттік оқу сабағында "Күзгі уақыт" тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушылар шығармадағы оқиғаға байланысты өз ойларын жеткізе алады. Шығармашылық жұмысқа дағдыланады. Пән мұғалімі сабақ барысында М. Дулатовтың "Күз" әңгімесі мен таныстырып, түрлі әдіс- тәсілдерді қолданып, оқушылардың қызығушылығын оята білді.





