Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНА 115 ЖЫЛ

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНА 115 ЖЫЛ

22-01-2026 жылы «Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектебінде» оқитын сынып аясында Халық қаһарманы, қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағаты өтті.

Іс-шара барысында оқушылар батырдың өмір жолы мен ерлігінен рухани тағылым алды. Сынып жетекшісі Серікбаева Ырысты апай Бауыржан Момышұлының балалық шағы, Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, әскери қолбасшылық қыры мен әдебиет саласындағы еңбектері туралы слайд арқылы қызықты баяндама жасады.

Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, батырдың ерлігін, отансүйгіштік сезімін дәріптейтін өлеңдерін айтып, шығармалары бойынша пікірлерін білдірді.

Мектеп кітапханашысы Бекетаева Асия апай арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетке қызығушылықты арттыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әдебиет жанашырларының туған күндері мен мерейтойларын атап өту, шығармашылық жұмыстарын дәріптеу туралы мәлімет берілді.

Іс-шараның соңында оқушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Бұл тәрбие сағаты жас ұрпаққа отансүйгіштік пен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастырып, кітапқа деген қызығушылығын арттырды.

#БауыржанМомышұлы115 #ХалықҚаһарманы #СарыкөлМектебі #ТәрбиеСағаты #ӨнегеліӨмір #ОқуғаҚұштарМектеп