«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп КММ-де 12-21 сәуір аралығында өткен "Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы" атты он күндік аясындағы іс-шарада мектеп тәлімгері Қ. Сұлтанованың ұйымдастырумен «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында зияткерлік күні өткізілді .
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын дамыту және ой-өрісін кеңейту болды.
Зияткерлік күн аясында оқушылар түрлі танымдық тапсырмалар орындап, кітапқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Сонымен қатар, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, белсенділік танытты.
Оқушылар бұл шара арқылы кітаптың адам өміріндегі маңызын терең түсініп, білімнің сарқылмас қазына екеніне көз жеткізді.
Жауапты: Қ. Сұлтанова
Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың білімге деген ынтасын арттырып, зияткерлік деңгейінің дамуына зор ықпал етеді.
«Кітап – білімнің кілті, болашақтың бастауы!»





