Бүгін, 30.03.2026 жылы,
«Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөліміне қарасты мектептің 4–9 сынып оқушылары арасында «Кітаппен келген көктем» атты гайбук (кітап оқу) іс-шарасы ұйымдастырылды.
Көктемгі каникул – оқушылар үшін тек демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға үлкен мүмкіндік болып табылады. Осы орайда оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып, кітап оқуға ерекше көңіл бөлді.
Іс-шараның мақсаты:
оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, пікір алмасып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы өз көзқарастарын білдірді. Белсенді қатысқан оқушылар ерекше атап өтілді.
Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігі артып, білімге деген құштарлығы нығая түседі.
Хэштегтер:
#КітаппенКелгенКөктем #Гайбук #КітапОқу #ОқитынМектеп #КітапҚұмар #Білім #Көктем2026 #Отырар #МектепӨмірі #КітапСүйерЖастар ![]()





