Отырар аудандық білім бөлімі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы №4-21-4/7969-И хатына сәйкес,
«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ-де Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына орай, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірленген құқық бұзушылықтың алдын алуға және жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған деректі фильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.
Аталған бейнематериалдарды 6–9 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері бірге тамашалап, қоғамдағы заң талаптары, адалдық пен жауапкершілік туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, дұрыс шешім қабылдай білудің маңызын түсінуге ықпал етті.
Тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!





