"Сарыкөл" шағын жинақты негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
Алғыс айту күніне орай — Мұрагер сынып жетекшілер бірлестігінің айлық іс-шарасы басталды! ![]()
1 наурыз — елімізде ризашылық пен мейірімділікті дәріптейтін ерекше күн — Алғыс айту күні.
Осы мерекемен тұспа-тұс келген Мұрагер сынып жетекшілер бірлестігінің айлық іс-шарасының ашылуы мектебіміз үшін маңызды әрі мазмұнды бастама болды.
Айлық іс-шараның мақсаты:
— Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту;
— Тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелерін насихаттау;
— Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Қалыптастырылатын құзіреттіліктер:
Әлеуметтік белсенділік
Коммуникативтік мәдениет
Азаматтық-патриоттық жауапкершілік
Өзін-өзі дамыту дағдылары
Алдағы күндері ашық тәрбие сағаттары, тренингтер мен түрлі шығармашылық шаралар өтеді.
Бірлік пен алғысқа толы айлық іс-шара баршаңызға шабыт пен жаңа жетістіктер әкелсін! ![]()
![]()
https://www.facebook.com/share/v/19BKSKwU3Q/
#АлғысАйтуКүні #Мұрагер #Онкүндік #СыныпЖетекшілері #ТәрбиеЖұмысы #біртұтасТәрбие #АдадАзамат #СарыкөлШЖНОМКММ





