Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мен таңдаған мамандық

"Сарыкөл" шағын жинақты негізігі орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде. 9 -сынып оқушыларымен

"Мен таңдаған мамандық"атты мамандық кеші өтілді.

Мақсаты:Мамандықтың қыр - сырын,артықшылықтарымен қиындықтарын түсіндіру.Оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.Өмірлік тәжірибе арқылы дұрыс бағыт бағдар көрсету.Еңбекке кәсіби шеберлікке құрмет қалыптастыру.

Кешке Отырар аудандық ауруханасының дерматолог дәрігері Абзал Полатұлы Сәрсенбаев. Көкшетау қаласы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясының 4 -курс курсанттары Төлеш Төрегелді Жеңісұлы. Әбутәліп Қуаныш Оралханұлы .Мектебіміздің ардагер ұстаздары. Мектеп директоры Балхашов Мейрамхан . Тарих пәнінің мұғалімі Асан Ханзада қатысты. 9 -сынып жетекшісі Досалы Гүлжаз апайымыз Кеш қонақтары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп. Өздерінің еңбек жолдарын айтып,еңбекте қиындықтың да ,қуаныштың да бірдей жүретінін айта кетті.Оқушылар өздерінің жазған ,"Мен армандаған мамандық" атты эсселерін айтып өтті.Оқушылармен "Менің баспалдағым"атты тренинг өтілді. Кеш соңында қонақтарымыз оқушыларға

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Әл -Фараби

осы өлең жолдары сіздерге арналған ,әрқашан биіктен көрініп білімді өздеріңнің таңдаған маман иесі болыңыздар де кешті қорытындыладық.