«Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ-де айлық іс-шара жоспары аясында 5–9 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Жарыс барысында оқушылар өзара бақ сынасып, шеберліктерін көрсете білді. Әр қатысушы ойын ережелерін сақтай отырып, белсенділік танытып, жеңіске деген талпынысын көрсетті.
Аталған іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қосты.
Жауапты: А.Усербаев
Ұлттық ойын – ұлт мұрасы!





