Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Онлайн және офлайн өмірдің маңыздылығы

"Онлайн және офлайн өмірдің маңыздылығы"* "Сарыкөл" шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ-де 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен маңызды профилактикалық жұмыс, сынып сағаты жүргізілді.

Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру, интернетке тәуелділіктің алдын алу және цифрлық сауаттылықты қалыптастыра отырып, желіні пайдалы мақсатта қолдануға бағыттау.

Аталған жұмыс Түркістан облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына және К. Янгтың интернетке тәуелділік шкаласы бойынша жүргізілген диагностика қорытындысына сәйкес ұйымдастырылды.

Сынып сағаты барысында:

🔹 Оқушыларға интернетке тәуелділіктің алдын алу бойынша профилактикалық кеңестер берілді;

🔹 Желідегі қауіпсіздік мәдениеті талқыланды;

7-9 сынып жетекшілер тарапынан ұйымдастырылған бұл жұмыстар балалардың виртуалды әлемдегі қауіптерден сақтануына және уақытты тиімді пайдалануына бағытталған.