Бүгін біз Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектебінде «Сынып жетекші — тұлға қалыптастырушы көшбасшы» атты айлық іс-шарамыздың қорытынды сәтінде бас қосып отырмыз. Бұл айлық — тек жоспарлы шаралар жиынтығы ғана емес, ол тәрбие жұмысының терең мағынасы мен маңызын айқындайтын, әрбір сынып жетекшінің еңбегін танытатын ерекше кезең болды.
Осы уақыт аралығында өткізілген түрлі тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, кездесулер мен сайыстар оқушыларымыздың жан-жақты дамуына, рухани байып, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосты. Әрбір сынып жетекші өз шеберлігін, шығармашылығын, нағыз көшбасшылық қабілетін көрсете білді.
Сынып жетекші — бұл тек білім беруші ғана емес, ол бағыт-бағдар беруші, қолдаушы, сенім ұялатушы тұлға. Бүгінгі қоғамда мұндай ұстаздардың рөлі ерекше. Сіздердің еңбектеріңіз — болашақтың іргетасы.
Айлық барысында белсенділік танытып, барлық іс-шараларға атсалысқан ұстаздарымызға, оқушыларымызға және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз бен ынталарыңыз — үлкен жетістіктердің кепілі.
Осымен «Сынып жетекші — тұлға қалыптастырушы көшбасшы» атты айлық іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Алдағы уақытта да тәрбиелік бағыттағы жұмыстарымыз жалғасын таба берсін!
Бірлестік жетекшісі : А.Абилдаева





