"Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз"
“Сарыкөл ” шағын жинақты негізгі орта мектебінде "5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесіне орай
"Тіл-татулық тірегі" атты онкүндік аясында, 18 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі Жорабекова Жанар ұстаздың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларымен әдебиет пәнінен "Әнет бабаның нақыл сөздері" тақырыбында ашық сабақ өткерді. Сабақта түрлі әдіс тәсілді қолдана отырып оқушы бойына нақыл сөздері сіңіре білді. Ашық сабақты мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Жанадилова қорытындылап, ұстаз бен шәкірттерге алғыс білдірді.





