Түркістан облысы, Отырар ауданы,
”Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп”КММ-де 16- қыркүйек күні “Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп директоры М.Балхашов бастап жаңа оқу жылында барлығына сәттілік тілеп,оқушылардың оқу-тәрбиесіне жұмыла кірісіп жұмыс жасау керектігін атап кетті.
Директордың тәрбие ісі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Ш.Махатова “Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру”тақырыбында баяндама оқып шықты.
Мектеп психологы Л.Абдуәлі “Ата-аналардың тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық сауаттылығын арттыру” тақырыбында баяндама оқып,ата-аналарға жаңа оқу жылында оқушылардың тәрбие мінез-құлқына көңіл бөлуді атап өтті.





