Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Жауапкершілік -адамгершілік қасеттің көрінісі"

ҚАРАША -Әділдік және жауапкершілік айы

Апта дәйексөзі- "Жауапкершілік -адамгершілік қасеттің көрінісі"

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Сарыкөл" шағын жинақты негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекесінің "Өзін өзі басқару" ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жасалды.

Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы - жақсылық. Жақсылық - күллі тіршіліктің тұтқасы сияқты. Адам баласы дүниеге келгеннен кейін айналсындағылардан алған тәлім-тәрбиесі, әсері арқылы сана-сезімі қалыптасып, әрнені ойлап, сана сарабынан өткізе бастайды. Ақ пен қараны ажыратып, жақсылықтың, жамандықтың не екенін ұғына бастайды. Анығында, адам жаны жақсылыққа құмар, оны іздеп тұрады, өзіне де, өзгеге де тілейді. Жақсылық жасасаң мың есе артық болып қайтса, жамандық жасағанын да өз алдына қайта оралары анық.

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы рухани азық алуға болады. Білім алушылардың бойында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастырып, достық пен бірлікті нығайту мақсатында жыл бойы мектебіміздің оқушылары аулымыздағы мұқтаж жандарға көмек беріп отырады. Қайырымдылық шарасын мектеп тәлімгері Сұлтанова Қалдықыз "Өзін өзі басқару" ұйымының мүшелерімен аптаның әр бейсенбісінде ұйымдастырып отырады.